«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. «Ауыл аманаты» Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Осы орайда Бақтыбай ауылының С.Сейфуллин ота мектебінің ғимаратының мәжіліс залында Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашу бойынша шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Жиынды аудандық мәслихат депутаттары Тортаева Үміт Бахтыбекқызы және Дюсенбиноа Айдын Қасымұлы ашып, жүргізіп отырды. Аталған шараға Бақтыбай ауылдық округінің әкімшілік қызметкерлері арнайы қатысып, ауыл халқының табысын арттыру үшін мемлекеттік жеңілдетілген несиелердің алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Яғни, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Мал шаруашылығына берілетін несиеге қызығушылық танытқандар көп болды. Негізі ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан болашақ кәсіптерін дәл осы саламен байланыстырғысы келетіндер көп. Аудандағы барлық ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту мақсатында, жобаның негізгі мақсаты мен несие шарттары туралы ауыл тұрғындарына түсіндірілді.