Халықтың денсаулық жағдайы және адамның өмір сүру ортасы көбінесе қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Қоршаған орта – бұл адамның денсаулығына және қоғамның дамуына физикалық, географиялық, биологиялық жағдайларда дәсер ететін басқа тірі ағза немесе адамды қоршайтын кешен.
Осыған байланысты, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тұрақты негізде су объектілерінің, атмосфералық ауаның, топырақтың және елді мекендерді сумен жабдықтаудың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг (бұдан әрі-СЭМ) жүргізеді. СЭМ мақсаты шұғыл басқару шешімдерін қабылдау, алдын – алу іс-шараларын әзірлеу және түзету үшін қоршаған ортаның көрсеткіштері бойынша уақтылы хабардар ету болып табылады.
Ағымды жылдың 6 айында СЭМ аясында келесі жұмыстар атқарылды:
1) Орталықтандырылған ауыз су жүйелерінен микробиологиялық көрсеткіштерге – 910 су сынамалары алынып, оның 45 сынамасы немесе 4,9% гигиеналық талаптарға сәйкес келмеді, санитариялық – химиялық көрсеткіштерге (оның ішінде ауыр метал тұздарына және пестицидтерге) – 1172 су сынамалары алынып, оның 69 сынамасы немесе 5,8% гигиеналық талаптарға сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша аумақтық басқармалармен жергілікті атқарушы органдарға ақпараттар жолдады.
2) Ауыз су көзі ретінде пайдаланылатын жерүсті су объектілері болып саналатын 1 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге 54 су сынамадан, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 57 сынама алынып зерттелді, сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
3) Жаппай демалу үшін пайдаланылатын жерүсті су объектілері болып саналатын 2 санаттағы су қоймаларынан микробиологиялық және санитариялық – химиялық көрсеткіштерге 284 су сынамадан, паразитологиялық көрсеткіштерге 147 сынама алынып зерттелді. Гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін сынамалар микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 4 сынама немесе 1,4% және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша – 2 сынама немесе 0,7% анықталды.
4) Топырақтың жай – күйіне мониторинг жүргізу аясында микробиологиялық, санитарлық – химиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге 108 сынамадан алынып зерттелді. Зертханалық сараптаманың нәтижелеріне сәйкес 4 сынама немесе 3,7% микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмесе, 1 сынама немесе 0,9% паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеді. Аталған сәйкессіз сынамалар жағажай маңынан алынған топырақ үлгілерінде анықталды. Топырақтың жай-күйін жақсарту бойынша әкімдікке жағажай демалыс аймағын абаттандыру, тазалау және дезинфекциялау бойынша іс-шараларжы жүргізу үшін хат жолданды.
5) Атмосфералық ауаның жай – күйіне мониторинг ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бар елді мекендерде, автомобиль көлігінің үлкен ағыны кездесетін облыстық және Республикалық маңызы бар жол тораптарында жүргізілді. Зерттелген атмосфералық ауаның 16276 сынамасынан 263 сынамада немесе 1,6% келесі көрсеткіштер бойынша рұқсат етілген шекті шоғырланудан асып кетуі тіркелді: бейорганикалық шаң-108, бензин фракциясы-15, күйе-6, аммиак-24, озон-31, күкіртсутек-30, азот диоксиді-33, күкірт диоксиді-4, кремний шаңы-12. Рұқсат етілген шекті шоғырланудан асқан заттар Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандарында, Талдықорған және Текелі қалаларында тіркелген.
Бұл ретте, аумақтық басқармалар рұқсат етілген шекті шоғырланудан асып кетуі бойынша басқару шараларын қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдардың атына хаттар жолдады. Сонымен қатар, Ақсу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандарының, Талдықорған және Текелі қалаларының тұрғындарынан аумақтық басқармаға атмосфералық ауаның сапасына және ауамен байланысты денсаулық жағдайының нашарлауына шағымдар түскен жоқ.
Біз әрқайсымыз қоршаған ортаның ажырамас бір бөлігі болып табыламыз. Осыған сүйене отырып, біз өз үйімізге қалай қарасақ, қоршаған табиғатқа да солай қарауымыз керек. Табиғатты сүю – оны қорғау. Табиғатты қорғаңыз және сау болыңыз!
Автор: Ахметов Самат Махаббатұлы