«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық Сайлауалды бағдарламасының жол картасында көрсетілген Жетісу ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында нысанда Партиялық бақылау посты құрылды.

Партиялық бақылау постың ашылуына Ескелді аудандық партия филиалының төрағасы А.Ы.Баяханмен, партиялық бақылау посттың мүшелері құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі күні Жетісу ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың жөндеу жұмыстары 95%-ға аяқталған.

Нысанның бас мердігерінің өкілі құрылыстың іркіліссіз жүріп жатқанын жеткізіп, жақын арада қолданысқа берілетінін мәлімдеді.