Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Міне, осы орайда бүгін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жиын залында түсіндіруге бағытталған жиын өтті. Ескелді аудандық мәслихат депутаты Ү.Тортаева түсіндіру барысында көптеген сұрақтарға жауап берді.