Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік

Қазіргі таңда мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс. «Оқушының жетістігі — мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс — тәсілдерді тиімді қолдануында».«Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышы деп есептеймін. Мұғалім — мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық, жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс. Осы орайда біздің Байысов атындағы орта мектебіміздің ұстаздары қабілетті, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгуде. 2022-2023 оқу жылында аудандық пән олипиадасынан ағылшын тілі,орыс тілі, математика,дүниежүзі тарихы,химия пәндерінен жүлделі І орынды иеленсе, қазақ тілі, құқық пәндерінен ІІ-ІІІ жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар аудандық суретшілер байқауы Нұрланұлы Дастан ІІІ орынға, облыстық «Алтын тұғыр» олимпиадасынан бастауыш мұғалімдер арасынан математика пәні бойынша Г.Ахметова жүлделі ІІ орындар иеленді.

Облыстық пән олимпиадаларынан химия,математика,дүниежүзі тарих пәідерінен І-ІІІ орындарға ие болды. «Дарын», «Зерде» ғылыми жобаларынан І,ІІ,ІІІ, орныдарға ие болды.Ақын -жазушылардың шығармаларын оқуда аудандық,облыстық байқауларынан оқушыларымыз І,ІІ орындарға ие болды.Аудандық бастауыш сыныптар арасында «Алтын сақа» олимпиадасынан бірнеше оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістіктер мектеп тарихына өзіндік үлестерін қосады. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. Ұлы данышпан Әл — Фараби: «Ұстаздар — құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» — деген. Осы сөзден — ақ ұстаздық жолдың жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі — ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта бермек.

Шолпан Әміркешқызы
Байсов атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі