Бүгінгі біз өмір сүріп отырған адамзат қоғамы- тек қана сағат тілімен бірге жаңаруды талап ететін, жаһандану мен жаңару арқылы өмір сүрген ортамызды да түбегейлі өзгертетін, бәсекеге қабілетті, білімділердің шоғырланған ортасы. XXI ғасыр — адамзаттық бірлестікті, әр алуан озық идеялар мен жаңа технологиялардың әріптестікпен ауыс-күйіс жасайтын, «Адамның баласы» деген дана Абай философиясына көтеріле алатын, ынтымақтастықта өмір сүруге дайын ұлттық және жаһандану алаңына емін –еркін самғап шығып, өзіндік дербестігімен білім қуаты арқылы ерекшеленетін,үздіксіз өзгерісті, күн сайын жаңаруды талап ететін білім ғасыры. XXI ғасырдың кемел келбеті , келешек өмірдің жарқын мақтанышы, елдің сенімі-бүгінгі тарыдай боп мектеп табалдырығын аттайтын жас ұрпақ. Ендеше, мектеп қабырғасындағы білім алушыларымыздың XXI ғасырда табысты болуы үшін білім мен білім беру үрдісінде бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді жаңару қажетті болып табылды. Жаңа заман мұғалімі мен білім алушылар арасында күнделікті қарым-қатынас, әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көтеруді шығармашыл, сыни шешім қабылдай алуын қажет етіп отыр. Осындай қажеттілікті қанағаттандыру үшін мектебімізде ұстаздар жаңашыл ұстазы болуы үшін ұжымдық бірлесе жаңару қадамын бастап та кетті. Арине, әр жаңашыл ұстаз өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, үдерістегі өзгерістің алдында бой көрсете алатын, икемді, жаңартылған бағдарламаны жеттік меңгерген,шығармашыл болуы керек. Бұл бүгінгі әлемдік кеңістіктегі білім алу үдерісіндегі үздіксіз жаңару қажеттілігі.
Осы қажеттілікті қанағаттандыру – ұжымдық бірлестік пен бірлескен әріптестіктің нәтижесі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Үстегі жылы мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының жеткен жетістіктері осы бір тәжірибе мен еңбектің қазанында бірге қайнап, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиженің төрінен көрінді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы білім алушылардың қабілеттерін одан әрі шыңдау үшін пән мұғалімі Оспанжан Сәулебектің жетекшілігімен мектебімізде құрылған «Жастар театр» үйірмесі екі жылда өз жемісін берді. Бастапқы да арнайы күнтізбеде белгіленген мерейтойларында көрермен назарына ұсынылған сахналық көріністеріміз ауданымызда бірінен соң бірі жүлделі орындарға ие болып жатты. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы туралы сахналық көрініс және Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын сияқты ұлы тұлғаларды сахнада сомдаған «Жастар театр» үйірмесі облыстық Әбіш Кекілбаев байқауында «Сахналық қойылым» номинациясында өз бағын сынға салды. 2023 жылы облыстан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дәл осы Әбіш Кекілбаевтың «Иллюстрациялық сурет» байқауында театрымыздың өздік суретшісі Медетбекова Шахинұр І орынды иеленді.
2023 жылы аудандық «Болашақтың кілті-өнерлі ұрпақта» көркемөнерпаздар байқауында қолөнер бұйымдарының көрмесінде Жунисова Салтанат Мухитовна жүлделі ІІ орын иесі атанды. Жетекшісі Жунисова Салтанат Мухитовнаның шәкірттері де өнерімен ерекше қабілеттерін әйгіледі. 6 сынып оқушысы Толенова Аружан «Әлем балалардың көзімен», «бақытты балалаық шақ» тақырыбындағы аудандық сурет байқауында «Жас суретші» номинациясын иеленді. 9 сынып оқушысы Тойшыбекова Сабина «Бояулар құпиясы» атты Республикалық шығармашылық байқаудың «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипоммен марапатталды. 8 сынып оқкшысы Жунисов Дияс «Бояулар құпиясы» атты Республикалық шығармашылық байқаудың «Қол өнер» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломның жеңімпазы атанды. Мектебіміздің психолог маманы Декембаева Гулнур Сарсембекова І халықаралық психологтар форумының сертификатын иеленді. Ұжымдағы әр ұстаздың төккен тері мен бірлескен қолдауының арқасында мектебіміздің жетісіктері жыл сайын еселенуде. Үзіксіз білім алуды дағдыға айналдарған әріптестер бірлестігі озық тәжірибе мен жаңа үдерісті өз мектебіндегі оқу мен оқытуға енгізіп отырады. Біліктілігін жетілдіріп келген ұстаздар ауданымыздағы жаңашыл озық тәжрибелі өзге мектептің ұстаздарымен ашық есік күнін ұстанады. Тірек мектептермен тығыз байланыс орнатқан. Қай елде болсын, қай тілде болсын, қоғамның өсіп-өркендеуі сол бірлестіктегі ұлттың ғаламдық дүниеде өзіндік өшпес орын алуы ұлттық білім жүйесінің даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықытң болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы,өнегелі білім мен тәрбие беру — біздің яғни мұғалімдердің алдында тұрған үлкен жауапкершілік.
Гульнур Сарсембековна,
Жастар негізгі орта мектебі
Директордың оқу- ісі
жөніндегі орынбасары