Мұғалім әрбір оқушының қабілетіне қарай білім бере отырып, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, бәсекеге қабілетті, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыра білуі тиіс.Осы орайда Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектебіміз және аудандық Рүстембеков атындағы орта мектеп, Жастар НОМ екі серіктес мектептерді топтастыру мақсатында құрылған. Үйлестірушінің ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылы басында үш мектеп бірігіп желілік қоғамдастықтың жоспарын құрды. Жоспарды бірігіп, келісіп жасағандықтан барлық педагогтердің қажеттіліктерін арттыруға бағытталып, сапалы әдістемелік қолдау, озат тәжірибені тарату мақсаты қамтылды.
Менің ойымша, дұрыс құрастырылған жоспар бүкіл қоғамдастықтың жетістікке жету болып табылады. Қадамдары анық, күтілетін нәтижесі айғақ жоспарға жетекші мектеп белсенділіктері толығымен қамтылып, үлкен мобилді топ жұмысы көрініс табу болды.
Бұл жұмыстың бірі болып өңірімізде деңгейлік мұғалімдермен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебеит пәні мұғалімдері Қ.Р. Еңбек сіңірген мұғалімі Қ.О. Бітібаеваның «Ой тастау,ойланту» технологиясын педагогтің тәжірибесіне еңгізу, кәсіби құзыреттілігін арттыру, іс тәжірибесін жетілдіру мақсатында семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы: «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» . Желілік қауымдастық бойынша мектеп әдіскері: Толымбекова Венера Бердыевна «Қ.О.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы» жобасы және атқарылып жатқан іс шаралар туралы таныстырып өтті. Бітібаеваның «Ой тастау,ойланту» технологиясын педагогтің тәжірибесіне еңгізу, кәсіби құзыреттілігін арттыру, іс тәжірибесін жетілдіру» сабағы бойынша Сағымбаева К.К
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романының идеясына сай кейіпкерлер бейнесі» атты ашық сабақ өткізді; Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау және шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай білуге және тест сұрақтарына жауап берілді.
Талдаңыз. «Кездейсоқ айналым» ойыны
- «Ұлпан» романының жазылу тарихы Шығарманың тақырыбы мен басты идеясы
- Кейіпкердің іс-әрекеті. Микро-мінездеме. Шығармадан үзінді келтіру.
Салыстыру барысына:Эпизодтағы бейнелерді салыстыру, бағалау. ХХ ғасырда жазылған ана, әйел бейнесі көрінетін шығармалар мен «Ұлпан» романын салыстырыңыз. М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Ұлжан ана мен Ұлпан бейнелерінің ерекшеліктері мен ортақ қасиетін салыстыру.
Бағалау жөнінде: «Ұлпан бейнесінің өміршеңдігін қалай бағалар едіңіз?» Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағала.
«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…» О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» ашық сабақ Ченемесова Ұ.Т. көрсетті.
Мақсаты: әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді.
Талдаңыз «Кейіпкер сұлбасы» әдісі Шығармадан эпизод беріледі, сол эпизодтан көркемдегіш құралдарды табамыз. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бекіту сұрақтары:
Шығармашылық жұмыс: Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзін тыңдап, астарлы ойды анықтау. Қара сөз мазмұны бойынша бала жасөспірім кезеңінде не істеуге міндетті екенін айқындап, «Мен түрткен бір ой» тақырыбында өз ойын жазу. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем). Суреттерде берілген заңдардың қазақ қоғамындағы маңызы туралы ой бөліседі.
Осыған орай мектебімізде,
«Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» семинары өткізілді.
Мақсаты: Желілік қауымдастықтағы мектептерге сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу үдерісін теориялық және практикалық түрінде көрсету, іс тәжірибе алмасу. Семинар» «Сабақты зерттеу», «Іс әрекетті зерттеу туралы теориялық тұрғыдан Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің сабақты зерттеу тобын жетекшісі: Икласбаева А.А., бастауыш сынып мұғалімі Касымова С.С. таныстырылым жасады. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы үш мектеп ұстаздары «Сабақты зерттеу», «Іс әрекетті зерттеу» арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толық ажыратты. Бастауыш сынып мұғалімі Кукузова Ж.А. «Іс әрекетті зерттеу» сабағын көрсетті, физика пәні мұғалімі Әділханова М.А. «Сабақты зерттеу» сабағын көрсетті. Ұстаздар сабақтардың аяғында зерттеу топтарының сабақтан кеінгі талқылауын тыңдап, ой бөлісіті. «Майерс отбасы» әдісі арқылы мектеп әдіскері Толымбекова В.Б. зерттеу жұмыстарының оқушыларға білім беру процесіндегі пайдасы туралы ашты. Жоспарға сәйкес онлайн семинар өткізілді. «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы».
Мақсаты: командалық курс есебі, желілік қауымдастықта командалық жұмыс негіздеріне үйрету, тренд әдіс тәсілдерді жоғары деңгейде көрсете білді.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектепте 2023 жылы жоспарға сәйкес «Жас маман-болашақ кепілі» атты аудандық семинар өтті. Серіктес мектептерден жас мамандар қатысып ашық сабақ көрсетті. Т.Рүстембеков атындағы ОМ биология пәні мұғалімі Қожакенова Е.А «Гүлдің құрылысы», химия пәні мұғалімі Қуатбекова А.М. «Ғажайып эксперименттер, лайфхак», Жастар ОМ тарих пәні мұғалімі М.Б. «Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар шапқыншылығы» атты ашық сабақтар өткізілді.жалпы қатысқан серіктес мұғалімдермен кері байланыс берілді.
Нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби дамуына бағыт бағдар беруде желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен білілктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолдарын бірлесе отырып қарастыру, талқылау, талдау ақпарат бөлісуге болатынын аңғарған жақын мектптертдің қстаздары мектепер арасындағы ынтымақтастықты дамытып, игі істерді жалғастырамыз деп ниеттерін білдірді.
«Жаяудың шаңы шықпас, жаяудың үні шықапс» демекші, кәсіби қауымдастықта бірлескен мұғалімдер күші талай белестерді бағындыратындығына сенімдімін.
Ұшқын Табысбекқызы,
Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы,
Бақтыбай Жолбарысұлы
атындағы ОМ КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: