Функционалдық сауаттылығы- заман талабы

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»
Жүсіпбек Аймауытов

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету.
Қазіргі жаһандану заманында өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушының әлеуметтік мәдени, саяси өмір мен экономикалық дамуға белсенді араласуына, сонымен қатар өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор – функционалдық сауаттылық болып табылады.
Білім берудің алғашқы сатысы қарапайым сауаттылықтан басталып, әрмен қарай қүрделеніп, дамып, жүйелене түседі. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білім мен біліктілік, яғни жиі қолданылатын іс — әрекет түрлерінің өзара байланысуымен қатар бір-бірімен үндестігі, біртұтас әдістемелік жүйенің қалыптасуы. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесі не дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс.
Функционалдық сауаттылықтың ең бірінші мақсаты – оқушылар алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге үйрену.
Сондықтан да баланың функционалдық сауаттылығын дамытуда, пәндік білім беруде оқушылардың өмірінде алған білімдерін орнымен жүзеге асыра алатын сауатты тұлға болып өсуіне бағыттау, бағыт-бағадар беретін бүгінгі жаңа форматтағы мұғалімдер.
Ендеше қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін — өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға, себебі ол білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.
Олай болса, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабақта кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыру керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді.
«Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»,- демекші ғылым мен техниканың жедел дамыған заманында әр баланың ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адами қабілетін, талантын дамытумен қатар оларды қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етуге үйрету, бағыттау мақсатында еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыз көп. Балпық би атындағы орта мектебінің ұстаздары осы актуальды мәселемен әр сабақта жұмыс істеуде. Әр ұстаз өз шәкіртінің білімді ғана емес, ұлттық тәрбиемен сусындауына да көп көмек көрсететін тәрбиеші. Ұжым ұстаздары, қазіргі заман мұғалімінің басты мақсаты – белсенді, шығармашылық тұрғыда дамыған, шешім қабылдай алатын, өз кәсібіне дұрыс таңдау жасайтын және өмір бойы білім алуға дайын, ізденімпаз шәкірт тәрбиелегендер. Оған мысал ретінде 2022-2023 оқу жылындағы оқушыларының жоғарғы көрсеткіштерін атап өтуге болады. Мысалы: оқу сауаттылығынан- 14, математикалық сауаттылықтан-12 орта балдық көрсеткішті көрсетті.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», — деген.
Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану- ұстаз міндеті. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұрпақ тәрбиелеу ұстаз бен ата-ана қолында.

З. Қожакеева,
Балпық би атындағы орта
мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі