«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деп цифрлық технология күннен күнге дамып келуде. Ыбырай Алтынсарин атамыздың «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды» дегендей, «Цифрлы Қазақстан» жобасы қолға алынды. «Цифрлы Қазақстан» жобасының аясында еліміздің барлық мектептерінде «Күнделік кз» білім беру порталы іске қосылды.
Күнделік кз қазіргі кезде Қазақстан бойынша барлық мектептер біріңғай білім беру интернет порталына ауысты.
Сол себепті барлық мектептер осы интернет порталы бойынша жұмыс жасайды Бұл білім беру бағдарламасы мұғалім- оқушы -ата -анаға тиімді болып отыр.
Дербес компьютерлер мен ұялы телефон арқылы күнделік кз жүйесіне мұғалімдер мен оқушылар ата аналар үшін тегін. Ешбір кедергісіз мобильді қосымша ұсынылған.
Оқушылар мен ата аналарға арналған мобильді қосымшаның екі нұсқасы бар: Олар Lite ( тегін) және PRO (жазылу бойынша рәсімделеді ). PRO нұсқасы бойынша мобильді құрылғыдан жүйеге браузер арқылы кіріп, ақпаратты тегін көруге болады.
Lite-нұсқасында үй тапсырмаларын орындау кестесі мен прогресін тегін бақылауға, маңызды жұмыстар туралы ескертулер мен мектептің жаңа бағалары мен хабарландырулары туралы жылдам хабарламалар алуға болады. Электронды күнделікті сайтқа бетпе-бет, өз телефоныңызға көшіруге мүмкіндік береді. Kundelik.kz кез келген оқу кезеңіндегі үлгерім, жұмыстың пәні мен түрі, орташа балл және аптадағы өзгерістер туралы толық ақпарат, ғылым саласы бойынша топтастырылған әр түрлі пәндер бойынша өз прогресін көруге болатын есептер және үй тапсырмалары бар. Сонымен қатар, тоқсандық бағаларды көруге болады. Биылғы оқу жылында алған баллдарды бонусқа ауыстыруға мүмкіндік берілді. Бұл оқушыларға үлкен мотивация. Оқушылар оқуға ынасы артып, ата аналар да өз тарапынан мектеп өмірінен хабардар болады. Күнделік кз жүйесі әрбір мұғалімді қағазбастылықтан құтылып, электронды жүйеге ауыстырған. Атап айтсақ, оқушылардың оқу үлгерімі жайлы табель, бөлім бойынша жиынтық бағалаумен тоқсандық жиынтық бағалаулары нақты пайыздық көрсеткішпен есептеліп шығарып алуға мүмкіндік берілген.
А.Т.Сарсенбаева,
Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі Директордың
оқу- ісінің меңгерушісі