САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР

Жақында аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов және ҚСжАЕК Алматы облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамымен құқықтық оқыту» тақырыбында семинар өтті.
«Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткен болатын.
Облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», яғни халықпен тиімді кері байланыс орнатуда кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында Департаменттің бастамасымен Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы оқыту семинарлары өткізілуде.
Оқыту семинарлары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызмет атқаратын, өтініштерді қарастыратын және азаматтармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысын қамтиды.
Аталған шарада мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, өтініштерді дер кезінде әрі сапалы қарастыру сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері ұсынылды.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.