Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 наурыздағы №189 қаулысына сәйкес педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалім күні жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. Бұл күні тойлау әлемнің 100-ден астам елінде дәл осы күні атап өтілетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен тұспа-тұс келеді. Мұғалім күнін мерекелеудің басты мақсаты – азаматтардың педагогтердің еңбегіне деген құрметін қалыптастыру, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақ арасында мұғалім мамандығын дәріптеу. Осы тұрғыда «AMANAT»партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстаз» партиялық жобасы аясында іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымыздың ұлағатты ұстаздары мен партия белсенділері қатысты. «AMANAT»партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы және барлық денгейдегі мәслихат депутаттары ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» гул шоқтары мен сыйлықтар табысталды