Бүгін «AMANAT»партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстаз» партиялық жобасы аясында білім саласына еңбегі сіңген Куккузов Болат Сәуілбекұлың кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-құрметін көрсеттім.

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін.