Бүгін «AMANAT»партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлағатты ұстаз» партиялық жобасы аясында іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымыздың ұлағатты ұстаздары мен партия белсенділері қатысты. «AMANAT»партиясы Ескелді аудандық филиалының мәслихат депутаты ретінде ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледім.Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттарын табыстадым.