Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян ететін, тарихы мен өткенін жыр ететін ол — кітап. Қай ғасырда болмасын кітаптың орны бөлек екені анық. Осыған орай,» Ұлттық мұра» жобасы аясында «Кітап -үнсіз мұғалім» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне облыстық мәслихаттың депутаты және мектеп директоры Оспанов Жанат Танирбергенович қатысып,рухани баю тұлғалық даму үшін басты міндет екендігін атап өтті.