Ескелді ауданының орталық ауруханасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Кусмолданова Сауле Рыспекқызының ұйымдастыруымен аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында медицина ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын талқылады.
Биыл Президент еліміздің экономикасы, саясаты мен мәдениеті ғана емес, сонымен қатар судың қолжетімділігі мен сапасы мәселесі сияқты өмірлік маңызды мәселелерді де қозғады. Осыған байланысты су және ирригация министрлігі құрылады. Көлік-логистика саласының бұрыннан келе жатқан мәселесі көтерілді. Президент Еуразияда теңіз инфрақұрылымын дамыту, көлік министрлігін қалпына келтіру және уақыт өте келе толыққанды көліктік-логистикалық мемлекет болу қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударатынын және стратегиялық маңызды міндеттердің бірі Қазақстанды IT-елге айналдыру болып табылатынын атап өтті. Ол өңірлік университеттер базасында барлық облыс орталықтарында тұтас инновациялық экожүйе құру міндетін қойды. Медицина қызыметкерлері Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауда айтылған барлық бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.