БАЛА ТАҒДЫРЫ — ҚОҒАМ ТАҒДЫРЫ

Бала тәрбиесі үшін әрбір ата-ана қатаң түрде жауапты болуы тиіс. Ал қоғам, оның ішінде мектеп, жергілікті әкімшілік, болмаса басқа да мемлекеттік мекемелер қажет жағдайда өз көмегін беріп отырады. Өкінішке орай, елімізде балаларымыздың тәрбиесі тұрмақ олардың тағдыры ата-аналардың уысынан сырғып шығып, қоғам тарапында жиі қаралып жүр.
Аптаның бел ортасында Ескелді ауданы әкімдігінің жанын-дағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен өзекті мәселе қаралды. Комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Қ.Әлібаевтың төрағалығымен және тұрақты комиссия мүшелерінің толық қатысуымен жалғызбасты ананың баласына қатысты тәрбиелеу жөнінде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны жайлы әкесінің қызына жазған арызы бойынша кезекті арыз комиссия отырысында қаралды.
Аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Жақанованың хаттамасынан және екі жақ тараптың сөздері тыңдалғаннан соң аудан прокуроры К.Шойбеков, аға инспектор, полиция майоры Э.Намазиманова, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Оңалбаев, аудандық аурухананың директоры Р.Ыбраева, оқушы білім алатын мектептің директоры, сынып жетекшісі, мектеп психологтары және басқа да комиссия мүшелерінің шешімімен кәмелеттік жасқа толмаған қыз мектеп-интернатқа орналастырылатын болды. Бұл шешіммен қыздың анасы және арызданушы қыздың атасы толығымен келісті.
Бала тағдыры – кез келгеннің уысында кетер ойыншық емес. Жарық дүниеге сәбиді әкелген соң әрбір ана да, әке де бойында зор жауапкершілік бар екенін ұмытпауы тиіс.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.