МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерінің жүзеге асырылуы, сонымен қатар Агенттік жұмысының басым бағыттары бойынша облыстағы аудан-қалаларының активтері және қызмет көрсетушілермен кездесулер өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу мен көрсетудің өзектілігін түсіндіру және мемлекеттік қызметтерді көрсетушілердің мемлекеттік қызметтердің сапасына баса назар аударуының маңыздылығын жеткізу болып табылады.
Аталған кездесулер барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтердің сапасы мәселесін көтеріп, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту мен насихаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Сонымен бірге, Алматы облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстар мен қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, өңіріміздің аудандары мен қалаларында «Nur Otan» партиясы филиалдарының саяси кеңестері мен депутаттық фракция отырыстары өткізілді.
Осындай отырыстарда аудан/қала әкімдері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы туралы баяндап, кеңестердің қорытындылары бойынша туындап отырған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар қабылданды.
А. ҚАСЫМБЕРКЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы.