Тұңғыш Президент Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.
Жастарға барлық салаларда көмектесу және қолдау саясаты жалғасып келеді. Бұл жұмыс мемлекеттік қызметте де іске асырылуда.
Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен Агенттік алдында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылды.
Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтар да іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – бұл азаматтылығы, жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл.
Креативті, дарынды жастарымыздың кейбірі шетелде тұрып жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан, конкурсқа еліміздің жастарымен қатар, шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының жас азаматтары қатыса алады.
Потенциалды резервшілер іріктеудің келесі кезеңдерінен өтуі тиіс болатын.
Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Бұл үшін құжаттарды жинаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Өтінім беру барынша жеңілдетілді.
2019 жылдың 1-30 қыркүйек аралығында «Президенттік жастар кадр резервіне» қатысушылардың құжаттарын қабылдау кезеңі өткізілді.
Аталған кезеңнен жалпы республика бойынша 13 мыңнан астам жастарымыз сайтқа тіркеліп, оның 7312-і белгіленген мерзімде қажетті құжаттарын жүктеген.
Алматы облысынан белсенді 200-ден астам жастар тіркелді, оның 156-сы құжаттарын сәтті жүктеп, іріктеуге қатысты.
Қатысушылардың арасында мемлекеттік қызметшілер – 88%, квазимемлекеттік органдардан – 1%, бюджеттік мекемелерден – 8%, партиялық ұйымдардан – 1%, Жетісу мемлекеттік университетінен – 1%, жұмыссыз – 1%.
Аталған таңдаудың 1-кезеңі «Кандидаттардың қабілеттерін тестілеу» 2019 жылдың 12 қазанында өткізілді. Аталған кезеңге республика бойынша 5745 үміткер қатысып, оның 902 үміткері тестілеуден өтті.
Екінші кезеңде – үміткерлердің қабілеттерін тексеру үшін тестілеу жүргізілді. Аталмыш сынақ үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталды.
Ол үміткерлердің теориялық дайындығын, олардың талдап-сараптау деңгейін және логикасын анықтауға мүмкіндік берді.
2019 жылдың 19 қазанында өткізілген таңдаудың 2-кезеңі «Тестілеуді верификациялауға» республика бойынша 868 үміткер қатысып, қазіргі таңда 549 үміткер 2-кезеңнен сәтті өткен.
Аталған тестілеуді верификациялаудан сәтті өткен үміткерлердің ішінде Алматы облысынан дарынды, креативті 6 үміткер бар.
Үшінші кезең – кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасын, мотивациясы мен құндылықтарын бағалау.
Ол үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынды.
Үшінші кезеңде үміткерлердің көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық көзқарасы мен кәсіби құндылығы бағаланады.
Эссе арқылы үміткерлердің сауаттылығы, білімпаздығы мен ой-өрісінің тереңдігі, сыни ойлау деңгейі, логикасы, айғақты әрі негізделген түйін жасай алу қабілеті бағаланады.
Өз кезегінде, жобалық жұмыс қатысушының таңдап алған лауазым тобына байланысты тиісті саланы немесе қызметтің бағыттары бойынша пайымын бағалауға негізделген.
Құзіретін бағалау арқылы қатысушылардың жеке құндылықтары, мемлекеттік қызметке деген жұмыс уәждемесінің деңгейі, сондай-ақ басқарушылық құзіреттілігі анықталатын болады.
Эссе мен жобалық жұмыстарды тексеру онлайн жүйеде өткізіледі. Оның объективтілігі үшін процестің бейнежазбасы жүргізілді.
Құзіреттерді бағалау Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында сарапшылармен топтық ассесмент құралдарын (бұл топтық бағалау жүйесі) пайдалана отырып жүзеге асырылды.
Төртінші кезең – сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу. Осы кезеңдегі іріктеуге алдыңғы сынақтарда бал жиынтығы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.
Президент Әкімшілігі тарапынан құрылатын Комиссия бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сараптамалық комиссия ашық дауыс беру жолымен Резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін жасайды және Ұлттық комиссияның қарауына жібереді.
Іріктеудің қорытынды кезеңінде – кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатуралары қаралады.
Осы кезеңде Сараптамалық комиссия ұсынған ең жоғары көрсеткіші бар қатысушылар жіберіледі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар резервіне кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданады.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін азаматтар іріктеуге қатысушылардың ақпараттарын көре алады. Яғни, азаматтарымыз іріктеуге кім қатысқанын біледі. Оған қоса, іріктеудің әр кезеңінен кейін біз автоматтандырылған жүйеде және Агенттіктің сайтында келесі кезеңге өткен үміткерлердің тізімі жарияланады.
Үміткерлерді бағалау кезеңінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін салалық сарапшылар тартылатын болады. Олар іріктеу процестерінің ашықтықтығы мен объективтілігін қадағалай алады.
Іріктеудің барлық кезеңдері резервшілер туралы толық ақпарат жинап, олардың қабілеттерін және ең бастысы – олардың әлеуетін көруге мүмкіндік береді.
Осыны ескеріп, резевшілер лауазымға тағайындалғанға дейін арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша оқытылады. Іріктеудің нәтижесі негізінде сарапшылардың берген ұсыныстары бойынша резервшілер үшін жеке бағдарлама әзірлену де мүмкін. Бұл оқыту бағдарламасы жоғарыда айтылған лауазымдарға қажет қосымша білім алуға, халықпен жұмыс істеуге, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және шектеулі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті қасиеттерді арттыруға бағытталған.
«Президенттік жастар кадр резервін» құрудағы басты мақсаты жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру болып табылады. Бұл азаматтарға зор үміт артылады және олар алдағы реформалардың қозғаушы күші болуы қажет.
Серік ЖОЛДЫБАЕВ,
аудандық мәслихаттың депутаты.