«ОТЫРАР» МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ» РМҚК  

2023 жылдың 25-26 тамыз күндеріқазақ өркениетінің алтын діңгегі, көне өркениет ошағы – Отырарда «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР» тақырыбында Халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен өтетін жәрмеңкенің мақсаты: түркі халықтарының дәстүрлі және қолданбалы қолөнерін дамыту, тоқыма және зергерлік өнерді насихаттау мен тарату, қолөнершілер арасында тәжірибе алмасуына жағдай жасау және туыстас халықтар арасындағы интеграцияны тереңдету болып табылады.

Жәрмеңкеге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Азербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 50 ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберлері қатыстырылады. Жалпы саны 51 қолөнер шеберлері өз бұйымдарын ұсынатын болады.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шарада Түркі халықтарының тоқыма және зергерлік өнерді насихаттаумен қатар,  отандық қолөнершілердің төл туындылары халықаралық деңгейде танымал етіліп, қолөнершілердің шеберлік сабақтар арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндіктер жасалады.

Аталған шарада қолөнер шеберлерінің озық үлгідегі туындылары әділ қазылардың шешімімен сараланып, үздік деп танылған қолөнер шеберлеріне арнайы тағайындалған жүлделер табысталады.