2023 жылғы 25-26 тамыз аралығында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен, «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ТОҚЫМА ЖӘНЕ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕР» тақырыбында Халықаралық жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз!
Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты: түркі халықтарының дәстүрлі және қолданбалы қолөнерін дамыту, тоқыма және зергерлік өнерді насихаттау мен тарату, қолөнершілер арасында тәжірибе алмасуына жағдай жасау және туыстас халықтар арасындағы интеграцияны тереңдету болып табылады.
Жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағы және Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Азербайжан мемлекеттерінің тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберлері қатыстырылмақ.
Өтетін орны: Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында Жібек жолы даңғылы №45 (Отырар аудандық мәдеиет сарайы).Байланыс нөмірі: +7 705 704 72 72 Оспан Құдайбергенұлы