«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалы жанындағы баға тұрақтылығын қадағалау мақсатында құрылған мониторингтік топ Қарабұлақ ауылының бірқатар дүкендері, дәріханалары және жанармай құю станцияларына мониторинг жүргізді. Мониторингтік топ мүшелері кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан тауарлар міндетті болуы және олардың бағасы белгіленген шектен аспауы тиіс екендігін түсіндірді. Мониторингтік топ мүшелері — жанармай құю станциясына барып мониторинг жұмыстарын жүргізді. Анықталғаны MS petroleum бекетінде АИ-92 маркалы бензині литріне 200 теңге, дизель отыны литріне 295 теңгеден сатылымда.