«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының VІI- ші конференциясы өтті.Ағымдағы жылдың 22-тамызы күні «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының кезекті VІI -конференциясы өтті.

Ескелді аудандық филиалының конференциясына филиал төрағасы А.Баяхан төрағалық етті. Конференцияға БПҰ төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес және Бюро мүшелері қатысты. Конференция делегаттары бірауыздан дауыс беріп, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының VІI- есеп беру конференциясы ашық деп жарияланды.
Конференцияда Ескелді аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының V — конференциясына Ескелді ауданынаң баратын делегаттар тізімі анықталып, Конференцияда партияның беделді кеңестерінің бірі саяси кеңес құрамына өзгеріс енгізіліп, тізімдері жаңартылды.