«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудандық мәслихат депутаты Нұғманов Ерғали Байоразұлы қабылдау өткізді. Қабылдауда азаматтардың жеке мәселесін тыңдап, тиісті мекемелермен хабарласып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қабылдауға жазылған азаматша өз тарапынан алғысысын білдірді.