ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА АРҚЫЛЫ ЖАСТАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, USuppot интернет-платформасын іске қосуға дайындады, ол арқылы балалар мен жастар білікті мамандардан психологиялық қолдау ала алады .

Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен жастар психикалық денсаулық дағдарыстарымен, соның ішінде мазасыздықпен, депрессиямен және басқа да жағымсыз эмоционалды жағдайлармен бетпе-бет келеді.

ДДҰ мәліметтері бойынша, барлық психикалық бұзылулардың жартысы 14 жастан басталады, ал 75% 24 жасқа дейін дамиды. Көптеген жағдайлар айқын стигма себебінен анықталмайды, нәтижесінде мамандарға жүгінуден қорқады.

USupport психикалық денсаулық бойынша онлайн қызметтер көрсету саласындағы әлемдік сарапшылардың озық тәжірибесі негізінде әзірленуде. Осы платформа арқылы анонимді көмек алу және бейне/аудио/чаттарға қол жеткізу мүмкіндігі пайда болады. Мұнда ең көп таралған психикалық денсаулық мәселелері және жас ұрпақтың психоәлеуметтік мәселелері талқыланады.

Жаңа платформа жастарға стигматизациялық факторларсыз қажетті көмек ала отырып, психикалық денсаулық сақтау қызметінің мамандарымен тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар маманды және уақытты таңдау мүмкіндігімен онлайн білікті консультация ала алады.

Өзін-өзі дамыту үшін психикалық әл-ауқат мәселелері бойынша мазмұн орналастырылған, онда қолжетімді түрде мысалдар, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және нақты ұсынымдар берілген.

Техникалық тұрғыдан алғанда, платформа пайдаланушылары интуитивті интерфейсті, тегін демеушілік сеанстарды қолдауды және толық веб-нұсқасын күтеді.

Қазіргі уақытта платформаның ақпараттық мазмұнын бейімдеу және әзірлеу жүзеге асырылуда.

Жастардың психикалық денсаулығын қолдауға арналған бірлескен жобаны 2023 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.