Жиынға «Қайнарлы» Бастауыш Партия Ұйымының төрағасы және «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық мәслихат депутаты Т.Иманғали қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. БПҰ-ның 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебі;
2.Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ бюросын сайлау;
3.Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегат сайлау.
«Қайнарлы» БПҰ – ның төрағасы өз сөзінде 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиын соңында қорытынды жасалып, туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.