ПОЛИЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Елімізде 23 маусым – Қазақстан Республикасының полициясы күні болып мерекеленіп келе жатқанына биыл 26 жыл болып отыр. Отанымыздың тыныштығын қызғыштай қорғаған сақшылардың мейрамы аудандық Мәдениет үйінде мерекеленді.

Мерекелік құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Ермек Әпеков алып, ел тыныштығын қорғап, қылмыспен күресуде, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген Ескелді ауданының ішкі істер бөлімінің ардагерлерін және полиция қызметкерлерін марапаттады. Атап айтсақ, аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция капитаны М.Жасұзақов, тергеу бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Мұқатаев, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны И.Қайынбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің штаб аға инспекторы, полиция майоры М.Ниязова марапатталады. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметкерлерінің учаскелік инспекторлары ауылдық округ әкімдерінің атынан марапатталды.

Аудандық бөлімдер басшыларының атынан арнайы сыйлыққа ие болған азаматтар мен азаматшалар да баршылық. Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дүйсебаевтың атынан полиция майоры Р.Ахметова, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атынан полиция капитаны  Б.Хаймолданов және полиция аға сержанты Б.Ерланов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Азаматовтың атынан полиция аға лейтенанты Қ.Нысанбаев  марапатталады.

Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция майоры Дәурен Сәкенов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, халықтың тыныштығын тұрақты сақтап отырған ұлан-байтақ қазақ жерінің аманатын арқалап жүрген азаматтардың құрметтеп келген барша қауымға алғысын білдірді. Аудандық ішкі істер бөлімінде талай жылдар қызмет еткен, бүгінде ардагерлер төрағасын басқарып отырған Бекен Оңғарбаев та сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.

Салтанатты жиын мерекелік ән-шашумен жалғасты.

З. ЖҰМАБЕКОВА.