МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЕЛ МҮДДЕСІНЕ ЕҢБЕК

Мемлекеттік қызмет өзінің мәні мен атқаратын міндетіне қарай мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып саналады. Осының дәлелі ретінде және мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні деп жариялаған болатын. Бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде мемлекеттік қызметкерлер күні өз деңгейінде мерекеленіп келеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай Ескелді ауданының әкімі Бағлан Тәнекенов үздік қызметкерлерді марапаттады. Білімділігі мен алғырлығын қатар ұстап жүрген ұлт қызметшілеріне алдағы уақытта сәттілік тілеп, толағай табыстарды бағындыратындарына сенім білдірді. Сонымен қатар көзге түскен бірқатар қыхметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеу – мемлекеттік үкімет органдарының аса маңызды рөлінің дәлелдемесі. Өйткені, әрбір кәсіпті атқарып жүрген мамандар өздерінің қызметін ерекше бағалайды. Сол арқылы елге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген барлық адал қызметін өзінің кәсібі арқылы көрсете біледі.

З. БЕЙБІТҚЫЗЫ.