Ауданда білім қызметкерлері арасында облыстық туризм өтті

11-13 маусым күндері Ескелді ауданының Көкжазық ауылында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының кәсіподақ күніне орай білім саласы қызметкерлері арасында «Туризм–2018» спорттық жарысы өтті.

Салтанатты шараның ашылуына Алматы облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Ә.Қыдырманов, Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Абдықадыров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова, облыстық туризм басқармасының басшысы Б.Оразбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дүйсебаев қатысты.
Аталған жарыс, кәсіподақ мүшелері арасында тұңғыш рет өткізілді.
Екі күн бойы командалар спорттық шараларға қатысып, кешкі уақытта Алматы облыстық филармониясы және аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған мәдени бағдарламаларды тамашалады.
«Туризм – 2018» спорттық жарысына 12 команда қатысты, олар 8 аудан, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қала-сынан 3 колледж. Барлығы шамамен 200 білім қызметкерлері қатысты.
Жүлделі орындарды иеленген командалардың ішінде біздің ауданымыздың «Туран» командасы жақсы нәтиже көрсетті.
Білім қызметкерлері командасы ІІ орынды иеленіп, Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыровтың қолынан арнайы дипломмен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Туризм–2018» спорттық жарысын өткізуіне өз үлесін қосқаны үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Дүйсебаевқа, аудандық Мәдениет үйінің директоры Қ.Ос-пановқа, ШЖҚ «Ескелді су құбыры» МКК директоры Ж.Жұбановқа, ӘШ ЖҚ «Ветеринария станциясы» басшысы Е.Қиялбековке, мектеп директорларына, бастауыш ұйымдарының төрағаларына, туризмге қатысқан білім қызмет-керлері арасында «Туран» тобының құрамына кірген білім қызметкерлеріне Ескелді аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті алғыс білдіреді.
А. Айтбузинова,
аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.