ДІН – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАУІПТЕР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛ

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты.
Өкінішке орай тәуелсіздікпен қатар, халқымызды тарихи-мәдени тамырын ажыратып, ұлттық бірлігін ыдыратуға, діни санасы мен дүниетанымын өзгертуге бағытталған үдерістер орын ала бастады. Осылайша жаһандану жағдайында қазақ қоғамының ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып-білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өзекті мәселе болып қалып отыр. Тарихи сана мен тамырдан айырылу ұлттың өзінің мәндік сипатын жоғалтып, жойылып кетуіне алып келетіні белгілі. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлттық саясат, ұлттық тәрбие, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Себебі әр халықтың мәдениетіне, ұлтының қалыптасуына ықпал еткен белгілі бір діннің құндылықтары, ерекшеліктері уақыт өте елдегі діни ала-құлалықтың – біздің қоғамымызға бұрын белгілі болмаған діни конфессиялардың қазақ жұртының мәдени бірегейлігін белгілі бір деңгейде ерікті немесе еріксіз шайқалуына себепші болып отыр. Соңғы кезенде елімізде жарық көрген баспасөзге шолу жасасақ, еліміздегі діни ахуалдың ұлттық мәселеге тікелей қатысты екендігін көреміз.
Дін қазіргі әлемде кез-келген елдің ішкі саяси-әлеуметтік жағдайына араласып, тұрақсыздықты тудырудың факторына айналып отыр. Ел ішіндегі террорлық әрекеттердің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді:

  • Халықтың әлеуметтік жағдайы;
  • Діни сауаттылықтың төмендігі;
  • Заңдардың әлсіздігі;
    -Адамдар өмір сапасының төмендігі;
  • Ішкі әлеуметтік саяси фактордың әсері.
    Сондықтан діни тұрақтылық ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Діни тұрақтылық қоғамның топтасуына ықпал етіп, дін ықпалынан туындайтын сыртқы және ішкі қауіптерді залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда Қазақстанға «өз» исламына бағдар ұстануға тура келеді және ол «қазақы» болғанымен, дәстүрлі исламнан алшақтай қоймайды әрі өзін бүкіл мұсылман әлеміне қарсы қоймайды[4, 12-бет].
    Дін – жоғалтуға болмайтын рухани қазына. Халықтың жан дүниесін рухани жағынан сауаттандырып, саяси жағынан бейбітшілікке, бірлікке шақырып, халықты достықта мығым ұстай алатын мемлекеттiк мәртебеге көтереді. Қандай жағдай болмасын, еліміздегі әртүрлі діни құбылыстарға төтеп беру үшін діни сауаттылықпен қатар біртұтастық пен бірлігіміз керек.


Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты