Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!     

Ескелді аудандық маслихат депутаты Р.Б.Мейрбекова «AMANAT» партиясының аудандық филиалының эксперті  Т.А.Шаяхметова, және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  бас маманы А.С.Муханова өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі «AMANAT» партиясының «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының аясында халықтың, оның ішінде Мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша жол картасының 84-85 тармақтарын орындау мақсатында қол жетімділікті қамтамасыз ететін 6 аймақ — «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық – тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша арнайы құрылған жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.