Сот отырысы хатшысы

Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы, сөйте тұра қызықты да. Іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасының дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты.
Хатшы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына келуін қамтамасыз етіп, азаматтық жене қылмыстық істерді рәсімдеп, сот актілері мен басқа да құжаттарды іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес сатыларға жолдайды. Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Соған байланысты соттың хатшылары азаматтық және қылмыстық істерін жүргізуді, азаматтық кодекс, азаматтық процесстік кодекс, қылмыстық процесстік кодекс және тағы басқа салаларға қатысты заңдарды неғұрлым терең игеруге зор мүмкіндік алып, өздерінің кәсіби және зияткерлік деңгейін жетілдіреді. Сот процестеріне қатысып, білікті заңгерлердің жұмыс тәсіліне қанығып, іс материалдарымен танысып жүрген маман қаралған даулар бойынша өзіндік талдау жасап, өзінше ой түйеді. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әр дайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері ішін ара өзгеріп отырады. Атап айтқанда, сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Ауыртпалыққа қарамастан, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне мұқият, атқарушы және жауапкершілікпен қарауы керек. Соттың жұмысымен имиджі сот отырысы хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына оның жауапкершілігіне, сауаттылығына, адалдығымен дәлдігіне байланысты.

Лязат КОЖАХМЕТОВА
Ескелді аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы