Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84, 85, 86, 120-баптарын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-тарауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 12-3)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің хатын басшылыққа ала отырып, Ескелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне қорғаныс мұқтажы үшін осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюға байланысты, мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
- Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иесі көрсетілген қаулымен келіспеген жағдайда мәжбүрлеп иеліктен мерзімін хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейін деп айқындалсын.
- Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иесінің жүгінетін орыны «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Сәтпаев көшесі, №65 ғимаратты 3 қабат, 20 бөлме. Байланыс телефоны 3-17-68.
- «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей, меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама таратсын.
- «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мен «Ескелді ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне:
1) мемлекет мұқтажына түсетін жер учаскелерге 2 ай мерзімі ішінде қанша қаражат қажет ететінін анықтасын;
2) меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар хабарлама алғаннан кейін Ескелді аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарау мен келісу үшін жер учаскесін сатып алу шарттарының жобаларын ұсынуға материалдарды дайындасын;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктер жүзеге асырылсын. - Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Исабековке жүктелсін.
Ескелді ауданының әкімі Е. Ахметов
Ескелді ауданы әкімігінің №____2023 жылғы
«_____» __________ қаулысының
№______ қосымшасы
Қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
№ | Кадастарлық номері | Аты-жөні/ атауы | Жалпы көлемі, га | Иеліктен шағарылатын жердің көлемі, га | Орналасқан жері | Нысаналы мақсаты | пайдалану құқығы | |
1 | 03264109140 | Манасов Бакытжан Жутинтаевич | 15,0 | 0,0990 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
2 | 03264109168 | Искаков Мадениет Капарович | 4,6 | 3,1980 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
3 | 03264109172 | Кумисбекова Гульжамиля Хамзановна | 5,0 | 2,8490 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
4 | 03264109173 | Саурбаев Алпамыс Атанбекович | 50,0 | 5,5630 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
5 | 03264109174 | Есжанов Сундетпай Кибанович | 10,0 | 9,3730 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
6 | 03264109196 | Мамажанов Малик Айткажинович | 5,0 | 4,8450 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
7 | 03264109202 | Болсамбекова Нияз Абдыкадырович | 10,0 | 10,0 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
8 | 03264109208 | Акчулаков Канат, Акчулакова Анара Мейрмановна | 23,0 | 23 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | жеке меншік | |
9 | 03264109211 | Тилеубаев Султан Курманалиевич | 15 | 0,9760 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
10 | 03264109216 | Нурдаулетов Болат Кыдыркожанович | 5,0 | 5,0 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | жеке меншік | |
11 | 03264109221 | Садыков Курман Шорманович | 40,0 | 40,0 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
12 | 03264109227 | Есжанов Сундетпай Кибанович, Керейбаев Ергали Рамазанович | 5,0 | 1,6780 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
13 | 03264109250 | Садыков Курман Шорманоыич | 2,0 | 0,8870 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
14 | 03264109228 | Ауганбаев Уксикбай Нартбаевич | 2,0 | 2,0 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | жеке меншік | |
15 | 03264109237 | Абишев Канат Мухамедриярович, Шинтемирова Кулпаран Чайкуловна | 18,17 | 18,17 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | жеке меншік | |
16 | 03264109276 | Кенжебеков Бейсенбай Дантаевич | 7,5 | 7,5 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
17 | 03264109277 | Кенжебеков Бейсенбай Дантаевич | 7,5 | 7,5 | Қоңыр ауылдық округі | Шаруа қожалығын жүргізу үшін | Уақытша өтеулі 49 жылға | |
Барлығы: | 224,77 | 142,638 | ||||||
Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен
жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ. Қожахметов