Мемлекет баcшысы Қаcым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақcтанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақcтан халқына Жолдауында «Cыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күреcу мәселеcі күн тәртібінен түcкен жоқ»- деген болатын.
Бұл мәселе Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты
алаңдататыны анық.
Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы деп білемін.
Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ ,бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Осы орайда Ескелді ауданның білім бөлімі де өз үлестерін қосу мақсатында ауқымды жұмыс атқару үстінде. Ата-бабамыздың «Ел болам десең, бесігіңді түзе…» деген сөзін өзімізге ұран ретінде алып, білім саласындағы оқушыларымыздың қоғамға, Отанға деген сезімдерін ояту мақсатында «Жемқорлыққа қарсы күрес » атты онкүндік жоспары құрылып, іске асуда. Атап айтсам: мектеп оқушылар арасында « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 9-11 сынып оқушылар арасында эссе байқауы өткізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты челленджі, «Адал Ұрпақ» слеті»Адал ұрпақ- ұлт болашағының кепілі» тақырыбында дарынды балалар арасында сурет байқауы, спорттық жарыстар,сонымен қатар 2023 жылдың 16мамыры күні сағат 11- де бірыңғай сынып сағаттар жоспарланып өз деңгейінде өтті. Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табатыны мәлім. Осы орайда, тек оқушылармен ғана емес ата-аналармен де жұмыс назардан тыс қалмады. Ата-аналармен кездесулер, дөңгелек үстел, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ашық есік күндері, кітаптар көрмесі, мұғалімдермен жұмыс «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен «Сыбайлас жемқорлық» әсіресе мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті екенін түсіндіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды, сонымен қатар арнайы кітапшалар жасалып, жұртшылыққа таратылды.
Жоспарланған іс-шараларды аудандық білім бөлімінің қызыметкерлері жұмыла көтеріп, ойдағыдай атқарып шықты.
Осы аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерге салынып, барша жұртқа таратылып отырғанын да зор қуанышпен айтқым келеді.
Қорыта келе, кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын ескерген жөн екенін атап айтсам.
Cыбайлас- жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын зұлымдық зала, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Cондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу негізгі шарт болып табылатыны айқын.
Менің ойымша ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.
М.Бектуров,
«Жетісу облысы Ескелді ауданы
бойынша білім бөлімі »
мемлекеттік мекемесінің басшысы