Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында — сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, парасаттылық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікті» ілгерілету мәселесіне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістерін өзгертудің ең қажетті тұжырымдамалық негізі, қоғамда парасаттылық идеологиясын әзірлеу және тарату болуы тиіс.
Адамның өмірінің немесе ойлауының негізгі тұжырымдамасын өзгерту арқылы қоғамдық қатынастарға сыбайлас жемқорлықсыз өмірдің жаңа стандарттары мен үлгілері енгізіледі. Жаңа парасатты қоғамда, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзімділік нөлге дейін төмендейді. Бұл әр азаматтың ішкі сенімі, оның ойлауының негізі болады, осылайша оның мінез-құлқы мен өмір салтын өзгертеді. Парасаттылықты енгізу мен дамытудың негізгі құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет болып табылады. Дәл осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дамуы адамның санасында сыбайлас жемқорлық бұл — өз мемлекетінің болашағына қауіп, өскелең ұрпақ арасындағы бәсекелестікке кедергі екенін түсінуді қамтамасыз етеді.