Жақында М.Маметова атындағы орта мектебінде жас мұғалімдердің кәсіби құлшынысын арттыру, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби өсуіне жағдай жасап, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Шараға өңіріміздің 25 мектебінен жас мамандар қатысты. Семинардың мақсаты – жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру, озық тәжірибені ендіру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында ықшам сабақтар көрсетіліп, шебер сыныптар ұйымдастырылды. М.Маметова атындағы орта мектебінен физика пәнінің мұғалімі А.Шаймұран, биология пәнінің мұғалімі Н.Шаймукашева, Шестаков атындағы орта мектебінен А.Қалиахмет, Г. Калибаева ықшам сабақ өткізді. Жас мамандардың сабағын бақылаған мамандар тарапынан кері байланыс берілді. Сонымен қатар, «Жас мамандардың кәсіби мотивациясын арттыру» тақырыбында TED-х форматындағы сұхбат өткізілді. Республикалық “Үздік педагог” байқауы грантының иегері, “Жылдың үздік мұғалімі-2017» байқауының жеңімпазы, Текелі қаласының №1 мектебінің гография пәнінің мұғалі Б.Молбаев семинарға қатысқан жас мамандарға “Жетістікке жетудің төрт көкжиегі” тақырыбында өзінің тәжірибесімен бөлісті. Келесі кезекте ”Жылдың үздік мұғалімі-2020” байқауының жеңімпазы, Талдықорған қаласының №26 мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Каймуханов
«Үздіксіз даму — жетістікке жетудің кілті» тақырыбында өзінің жетістікке жету жолындағы ізденісі мен талпынысы жайында тәжірибесімен бөлісті.
Р.Б.Меирбекова,
М.Маметова атындағы
орта мектебінің директоры,
аудандық мәслихат депутаты