ТАҒЫ БІР МӘРТЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

«НҰРЛЫ ЖАСТАР» өнер орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 қазан күні Алматы қаласында «Жастар жаққан жұлдыз» атты республикалық байқау өткізілді. Өнер сайысына Ескелді ауданынан «Аяна» би ансамблі «Хореография» номинациясы бойынша қатысып, әдебиет және өнердің баға жетпес құндылығын насихаттауда ерекше дарындылығымен көрінді.
Жоғары би тобы «Ақбидай» биімен, кіші би тобы «Корей» биімен Бас жүлде дипломдарын жеңіп алса, «Испан» биімен I дәрежелі, «Чу ча ча» биімен «Лауреат» дипломдарымен ма-рапатталып, ауданымыздың мәр-тебесін тағы да бір асқақтатып қайтты.
«Жастар жаққан жұлдыз» атты республикалық байқауға жастарды өнерге баулып, болашақтың алға жетелер жарық жұлдыз нысанасына еркін жетерлік тәлім-тәрбие беріп, дарынды шәкірттер тәрбиелегені үшін Бешен Жанарға «Үздік ұстаз» төс белгісі табыс етілді.
Ардақ КӨМЕКОВА, аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.