КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Баспана – басты мәселе. Президент Қ.Тоқаев көпбалалы аналардың баспана мәселесін шешу үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде де қолдау тауып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Өткен аптада Қарабұлақ ауылында көптен күткен көпбалалы ана «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы баспаналы болды. Жыл ортасынан бері бағдарлама аясында Қарабұлақ ауылдық округінен бір отбасы және Ақын Сара, Бақтыбай, Сырымбет ауылдық округтерінен бір-бір көпбалалы отбасы жеке баспанаға ие болған еді.
Гүлзат Есдәулетова есімді 6 баланың анасы көптен күткен үйінің кілтін аудан әкімінің орынбасары Елдос Ахметовтен алды. Қуаныш иесін Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Б. Дүйсебаев пен оның орынбасары С. Оңалбаев және аудандық мешіттің имамы М. Ордыбай арнайы құттықтауға барды.
Гүлзат апайымыз 2011 жылдан бері үйдің кезегінде тұр екен. Пәтерден пәтерге көшіп жүрген көпбалалы ананың баспаналы болсам деген арманы орындалып, қуанышында шек болмады.
Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында берілетін, қоныс тойы тойланатын үйлердің қатары осымен тоқтап қалмайды.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.