«ЭКО САҒАТ» БАРЫСЫНДА 1660 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Эко сағат» кең көлемді республикалық акция аясында өткен сенбіде Шымыр ауылы мен аудан орталығы Қарабұлақ ауылында көшеттер отырғызылды.
Айта кету керек, экологиялық сағат өткізу – Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының, экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасы.
Бұл бірыңғай бастаманы қолдап, аудан бөлімдерінің басшылары мен мамандары аталған «Эко сағат» акциясына белсене қатысты. Атап айтсақ, Шымыр ауылының спорт алаңы стадионына 650 түп ағаш, ал аудан орталығы Қарабұлақ ауылына 710 ағаш егілді.
«Бір тал кессең, он тал ек» деп, дана халқымыз айтқандай, осы игілігі мол шараның бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың да игілігі үшін жасалып отырған маңызды қадам деп білемін.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.