ЕЛІНІҢ ДАНАГӨЙ ДАРАСЫ

Балпық би бабамыздың 325 жылдығына орай және Ескелді ауданында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылдың 11 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде «Елінің данагөй дарасы» атты танымдық конференциясы өткізілді.
Конференцияның негізгі мақсаты Балпық бидің өнегелі өмірі мен ел бірлігі жолындағы қызметін, ұрпаққа қалдырған мұрасын жас ұрпаққа кеңінен танытып, үлгі ету, ерен еңбектерін дәріптеу болып табылады. Танымдық конференцияға орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері, ауыл ақсақалдары, ардагерлері және аудан тұрғындары қа-тысты.
Конференцияда Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпық бидің тарихтағы еңбегі аталып өтті. Конференция барысында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бахытгүл Ерғалиева, аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Бимұрат Боранбаев, Алдабергенов ауылдық округінің ақсақалдар ұйымының төрағасы Сағи Жүнісов, Жетісу орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Жұманова, К.Шестаков атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшат Омарбаева баяндама оқыды.
Соңында көрермендерге аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің дайындаған ән шашуы ұсынылды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.