ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ЕСКЕЛДІ ауданының орталық мешітінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ тарқатсақ, мешіттің дәрет алатын дәретханасы сыртта орналасқан. Соны ішке кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, тазалық үйіне жұма намазға, бес уақыт намазға келген жамағаттың қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығынан жуыну өте қиын. Екі бөлмесін арнайы дәретханаға алып, ішін қазіргі заман үлгісіне қарай жасап, енді ұсақ-түйек жұмыстары қалған екен.
Бір айтатын жайт, мешіт құрылысы негізінен демеушілер мен қайырымды жамағаттың қолдауымен жасалып жатыр.
Екінші, осы мешіттің ішінің жұмыстары туралы айтатын болсақ, үлкен залдың ішінде алдыңғы жылы керегелері жарылған, ал едені пластик труба болған екен. Енді жылы еден салынуда. Алдағы уақытта ішін толығымен ақталатыны туралы мешіттің имамы Мұхамет Ордыбай айтып өтті:
– Жалпы шама-шарқын келгенше ғимараттың жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Алдағы уақытта мешіттің әлі де көптеген жұмыстары бар. Ауданымыздағы жалғыз мешіт болғандықтан, жамағатты, ха-лықты өзіне тартып тұратындай, айналасына топырақ төгіліп, көз тартарлық гүлдер егілсе деген ниет білдіремін, – деді.
Жақсы ниетте, Алла жолында киелі жерге қайырлы амал атқаруға ұмтылысатын қайырымды, жомарт жандар атсалысып, көмектессе нұр үстіне нұр болар еді.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.