ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ескелді ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі — ТҚК) ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 7 қазан күні аудан әкімінің төрағалығымен әкімшіліктің кіші мәжіліс залында кезекті комиссия отырысы өтті.
Жиынға ауданның мекеме басшылары, комиссия мүшелері, ауыл әкімдері қатысты. Шара барысында бірнеше мәселелер қаралды. Оның ішінде аудан тұрғындары арасында терроризм және діни экстремизмнің таралуына жол бермеу, алдын алу, интернет желілері арқылы өткізілген жұмыстардың тиімділігі; мемлекеттік мекемелерден, органдардан ТҚК-ның ақпараттық қажеттілік тізбесіне сәйкес келіп түскен ақпараттың сапасы, орын алған кемшілікті жою барысы туралы терроризмге қарсы комиссия аппараты баяндама жасады; аудан аумағындағы мемлекеттік емес мекемелермен ұйымдардың барлығын діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыс жасауын ұйымдастыру сияқты мәселелер қаралды.
Мемлекеттік органдар өкілдері осы мәселелер төңірегінде өздеріне қойылған сұрақтар мен баяндамаларын мәлімдеді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.