ГРАН-ПРИ ИЕЛЕНДІ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Павлодар қаласында өткен болатын.
«Сауда Үздігі» байқауының мақсаты – кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеріп, еліміздегі сауда саласына жаңа заманауи формаларды енгізу болып табылады.
«Сауда Үздігі – 2019» республикалық конкурсына Алматы облысының кәсіпкерлері де қатысты. Аталмыш байқауда «Жылдың таңдаулы басшысы» номинациясы бойынша Ескелді ауданында орналасқан «Тау Жетісу» туристік демалыс орнының басшысы Игорь Виршки Гран-при ұтып алды. Ал конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гаухар Көшемісова Алғыс хат пен Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдас-тығының арнайы сыйлығымен марапатталды. Бір айта кететіні, туристік база өткен жылы Қызылорда қаласында өткен дәл осы байқауда жүлделі бірінші орынды иеленген болатын.
Ауданымыздың осындай жетістіктеріне орай, келесі жылы кезекті «Сауда Үздігі» республикалық байқауы Ескелді ауданында өтеді деп жоспарланып отыр.
Апта басы дүйсенбі күні аудан әкімі Рауан Рақымбеков бас жүлде иегерлерін жүлделерімен арнайы құттықтады.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА