Алға басу — движение вперед

Өткен аптаның сенбісінде мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және «Милосердие» Қоғамдық қоры «Алға басу – движение вперёд» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіру акциясы өтті.
Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылының «Жетісу» спорт алаңында өткен жүгі-ріске мемлекеттік қызметшілер қатысты. Іс-шара 2018 жылғы 16 маусымда республикамыздың барлық жерлерінде бірыңғай стартпен, яғни, бір күні және бір уақытта басталды. Қатысушылардың барлығына сертификаттар беріліп, жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды. Ж. ИСАБАЕВ.