Жігіт сұлтаны-2018

Көксу ауылшаруашылық колледжінің білім алушылар арасында Астанаға 20 жыл толуына орай «Жігіт сұлтаны – 2018» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – колледж жігіттерінің ұлтжандылық сезімін ұштап, Отанына деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру. Қазақ жігіттерінің арасында  отансүйгіштікті кеңінен насихаттауға, өскелең ұрпақтың өң бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге және Қазақстан мерейін арттыруға әсер етуге талпыныс берген бұл байқау жоғарғы деңгейде өтті. Колледжіміздің сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерін анықтап, арнайы мақтау грамоталарымен марапаттады.