Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Тарих беттерін  парақтасақ, сыбайлас жемқорлық  атты қоғамның қауіпті Індеті-заманмен  бірге  өсіп-өркендеп,небір  тегеурінді  қарсылықтарға  төтеп беріп,қайда  мол қаражат пайда болса,сол жерге  тамыр жайып бүгінге дейін жойылмай жетті.  Басқа дамушы елдер сияқты  жас  мемлекетімізді  де жегі  құрттай  бұл кесел  айналып өткен жоқ.

Атаулы індетке қарсы күрес-  тоқтаусыз hәм  үздіксіз процесс .Сыбайлас  жемқорлық қылмысы үшін  жауаптылық  нормаларының қолданылмауы, абсолютты  көрсеткіщ болып табылмайды.Оған қарсы  күрестің  болмауы  сыбайлас  жемқорлықтың  өзінің болмауымен  бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың  тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.

«Ең бастысы-әрбір  мемлекеттік құрылыстың  жанындағы істі, лауазымды  тұлғалалар пайдаға батпайтындай  етіп  қою керек». Бұл пікірді Аристотель айтқан. Ол уақыттан бері екі мың жарымдай жыл өтті, бірақ  ең зұлым  әлеуметтік жауыздық- сыбайлас  жемқорлықты  құрту адамзаттың  әлі де  қолынан  келмеуде.

Соңғы  уақытта  Қазақстанда  сыбайлас жемқорлықтың «тамырын» шабуға бағытталған  жұмыстар молынан  атқарылып  жатыр.Мемлекеттік  қызметкерлердің  лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершіліктерін  арттыру шаралары  қолданылуда.  Бірақ, қоғам  мен мемлекеттің  мүмкіндіктерін  біріктіретін, сыбайлас  жемқорлық қылмыстарды ескертетін  жаңа  тұжырымдық үлгіні  дайындауда талдаулық,ұйымдастырушылық  және насихаттау жұмыстарын  қолға алу қажет. Сыбайлас жемқорлық-  лауазымды  тұлғалардың  жеке басының  пайдасы  үшін билік құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин. Бұл  термин бюрократттық аппаратқа  және саяси элитаға  қатысты жиі қолданылады.

Қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,осы дерттің  одан әрі  ұшықпауы үшін оны тоқтатудың  барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбыласқа тиімді  түрде қарсы тұруға  болады. Кез келген уақытта,қоғамда  және мемлекетте сыбайлас жемқорлық  әрекеттері және ол әрекеттермен  күрес жүргізілген. Қазіргі   қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың  бірі — сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Елдің дамуы  мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың  бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Ескелді ауданының  статистика бөлімі осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты  ұстанады  және жұмыс  барысында  басшылыққа  алады.

Н.О.Еселбай,

Ескелді ауданының

статистика бөлімінің басшысы