Құтты болсын – Әз Наурыз!

Жалғызағаш ауылдық округінде   Ұлыстың Ұлы күнгі 22 –наурыз мейрамы қарсаңында  ауыл тұрғындары өздерінің ауласын тазалады, мекеме қызметкерлері, әкімшілік, мектеп, ФАП, мәдениет қызметкерлері мекеме   төңірегіне сенбілік жұмыстарын жүргізді, ауылдың ортасында орналасқан мешіт маңын  да  ауыл тұрғындарының бірлесуімен тазаланып жолдары жөнделді.

Ұлыстың Ұлы күні  наурыз мейрамына орай  «Құтты болсын –Әз Наурыз!» атты наурыз мерекесі тойланды, мерекелік шараға ауыл тұрғындары белсене қатысып өз үлестерін қосты. Наурыз мейрамы «Батаменен ел көгерер-жаңбырменен жер көгерер»-демекші ауылдың аталарының ақ батасымен басталды, ауыл әкімі м.а . Д.Сапарғалиев ауыл тұрғындарын келген қонақтарды мейрамымен құттықтап ақ тілегін білдірді,  көпшілікке шашу шашылып,  ауыл өнерпаздарының қатысуымен, мәдениет қызметкерлерінің дайындаған   мерекелік концерті өткізілді, Шараға ауылдың ақсақалдар алқа мүшелері,ауылдың белсенді жастары, мектептің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары , спорт әдіскері,  жастар ісі жөніндегі нұсқаушысының бірлесуімен ерлерге арналған , «қол күрес,  арқан тартыс, гір көтеру, күш сынасудан  қошқар » көтеру ойындары ұйымдастырылды, ауылдың қыз-келіншектеріне арналған  жүгіруден, арқан тартыс, серкеш көтеруден қыз-келіншектер арасында жарыс тағы да қызықты спорттық ойындар өткізілді . Бас жүлде ерлер арасында  түйе палуанға  бұқа, қыз-келіншектер арасында  жүгіруге тайынша тігілді. Соңынан жеңімпаздарға  жүлделері берілді.Ауылдың үлкен хатымханасына Ақ дастархан жайылып ауылдың үлкен қариялары ақ батасын беріп  наурыз көжеден келген барша қонақтар, ауылдастар дәм татып ауыз тиді. Мереке тау бөктерінде жалғасын тауып  бөктерде қазақтың ұлттық ойындары «Аламан бәйге,   Құнан бәйге,  Тай бәйге, Дәстүрлі  көкпар, қыз қуу, теңге ілу » сияқты ұлттық ойындармен жалғасын тапты , мереке соңында жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар марапаттаулар, алғыс хаттар берілді.Дәстүрлі көкпарда жеңіске жеткен ауылға жүз мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

Сол сияқты ауылдық орта мектепте орналасқан «Жадыра» шағын  балабақшасының тәрбиешілері Ж. Шаяхметова және Ж. Қасенованың ұйымдастыруымен бүлдіршіндерінің қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған  «Қош келдің –Наурыз!» атты ертеңгілік  өткізілді, шарада ұлттық салт –дәстүр бойынша «Тұсау кесу» рәсімі, асық ату, арқан тартыс ойыны өткізіліп, балақайлар ән салып би билеп өз өнерлерін көрсетті, соңынан наурыз көже дайындалып ақ дастархан жайылды, наурыз көжеден қонақтар дәм татып алғысын білдіріп ақ тілектерін айтты.

Сонымен қатар мектеп қабырғасындада  Ұлыстың Ұлы күнгі  наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер сыныптар арасында сынып жетекшілерінің және педогог ұйымдастырушы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бірлесуімен «Армысың-Әз–Наурыз»атты мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мерекеге ұстаздар, оқушылар ата-аналар қатысты,  шарада оқушылар ұлттық- салт –дәстүр бойынша көрініс қойып, мерекеге сай ән айтып , жыр –шумақтарын  оқып би биледі. Әр сыныпта наурыз мейрамына арналған  ақ дастархан жайылып, мерекеге келген қонақтар  наурыз көжеден ауыз тиіп баталарын берді. Мерекеге келушілер ұйымдастырушы ұстаздарға алғысын айтып наурыз мейрамына  жылы лебіздерін білдіріп , Ұлы мейрам наурыз мерекесімен  құттықтап елімізге береке, жақсылықтар тіледі.

Салтанат Ускенбаева,

Жалғызағаш ауылдық
клуб әдіскері