Туберкулез — жазылмайтын дерт емес

Бірнеше он жылдар бойы науқастарды емдеу үшін тиімді дәрі болса да, жыл сайын туберкулезден миллион адам қайтыс болады. Біздің ғаламшарымыздың үлкен бөлігінде инфекциялық аурулардың ішінде туберкулездің «№1-ші өлтіруші» болып қала беретініне назар аударту үшін 24 наурыз-Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні өткізіледі.

Бұл күн жайдан жай таңдалған жоқ. 120 жыл бұрын бұл күні Берлинде Роберт Кох ғылыми жұртшылық үшін таңғаларлық өтініш жасаған болатын. Ол осы қауіпті аурудың қоздырғышы-туберкулез микобактериясын ашқаны туралы хабарлады. Сол жылдары туберкулез Европа мен Америкада кең таралған, ол ғаламшардың әр жетінші тұрғынының қазасының себебі болатын. Жаңалық осы ауруды диагностикалау және емдеу саласында елеулі түрде жылжуға мүмкіндік берді. Туберкулез көбіне тыныс алу мүшелерін (ең бастысы өкпе мен бронхты) зақымдайды, бірақ басқа да мүшелерді зақымдауы мүмкін, мысалы, сүйектер мен бұлшықеттер. Осы айырмашылықтарына қарай туберкулездің екі негізгі түрі бар: өкпе туберкулезі және өпеден тыс туберкулез.Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді және флюорография немесе кеуде қуысын рентген суретіне түсірген кезде анықталады.

Сонымен бірге келесі белгілер болуы мүмкін:

-жөтелу және қақырықтың бөлінуімен жөтелу, кейде қанмен;

-ұзақ уақыт бойы 37-37,5 градусқа дейін дене қызуының жоғарлауы;

-тез шаршау және әлсіздіктің пайда болуы;

-тәбеттің болмауы немесе азаюы, салмақ түсіру;

-көп терлеу, әсіресе түнде;

-денеге кішкене жүк түсірген кезде ентіге бастау.

Аталғандардың бір белгісі немесе екі немесе үш белгісі болуы мүмкін. Міндетті емес белгілердің бірі жөтел болады.Үш аптаның ішінде жоғарыда аталғандардың біреуі сақталған кезде бірден терапевт немесе фтизиатр дәрігерге шұғыл бару керек.Туберкулезді ерте анықтау және дұрыс емдеу кезінде жұқтырған адамдар бактерия таратуды тоқтатады және емделуі мүмкін.

Туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған кез келген адам туберкулезбен ауруы мүмкін. Байланыстың жақын болғанына қарай, ауру қауіп жоғары болады. Негізінен, туберкулездің дамуына ағзаның қорғаныш күштерінің азаюы әсер етеді:, дұрыс тамақтанбау, күйзелісті жағдайлар, АИТВ-инфекция және т.б. Туберкулезді әсіресе мектеп жастағы балалар мен егде адамдар қабылдағыш. Бірақ туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс жасаған адамдардың барлығы ауырмайды. Ағзаны қорғауға және сол немесе басқа аурулардың пайда болуыны иммунитеттік жүйе жауап береді. Туберкулездің дамуы мен өршуі ағзаның әлсіз иммунитеттік жүйесінің нәтижелері болып табылады.

Негізгі фактор – иммунитеттің азаюы, оның себептері:

-шылым шегу;

-күйзеліс жағдайлар;

-жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау

-жаман тұрмыстық жағдай;

-маскүнемдік;

-нашақорлық;

Егер бала Манту сынамасын бағалау нәтижесі бойынша жұқтырса, аурудың анықтау үшін оны туберкулезге қарсы диспансерде қосымша тексереді және алдын алу мақсатында, ауру дамымау үшін ем тағайындайды. Жұқтырған балаларға профилактикалық ем міндетті түрде жасалады, ол туберкулез қоздырғыштарын көбеюін тоқтатады және аурудың асқынуын ескертеді. Шипажай және амбулаториялық түрдегі бейінді балалар мекемелерінде профилактикалық ем жасалады. Жұқтырған балаларда аурудың пайда болу қауібі профилактикалық ем жасаған кезде біршама азаяды.

Туберкулездың алдын алудағы басты бағыттың бірі ол

Салауатты өмір салтын ұстану!

1.Шылым шекпеңіз – ол тыныс алу жолдарының жергілікті қорғанышын әлсіретеді, ағзаның барлық иммунитетін азайтады;

2.Ішімдікке салынбау – ол ағзаның жалпы қорғанышын азайтады;

3.Құнарлы тамақтану;

4.Жиі тексеріліңіз –Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Зерттелу тегін;

5.Вакциналау — туберкулездің таралуын ескертетін маңызды қадам. Балалар туберкулездік инфекцияларға аса жақын және екпе егілмеген балалардың туберкулезбен ауруы ықтимал.

Туберкулез жазылмайтын дерт емес бәрі өзіңіздің қолыңызда !

 Е.Сейсембинов 

Ескелді аудандық

СЭББ басшысы