Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген  елінде  оның саяси  дамуына байланыссыз, оның ішінде  Қазақстанда  да, әлеуметтік құбылыс  ретінде  өмірін  жалғастырып  келеді  және тек ауқымдылығымен  ғана  ерекшеленеді. Сыбайлыс  жемқорлық әлеуметтік-экономикалық  даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ  дамуына  қауіп төндіреді.Қазақстанның мемлекеттік  саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес. Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына  «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен белгіленген  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты  бағыттары мынадай:

-мемлекеттік  қызмет саласында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

-қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

-мемлекеттік сыңайлы және  жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;

-құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Осы бағыттар шеңберінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымын қайта қарастыруға және жемқорлық құқық бұзушылықтар арасына нақты шек қоюға, мемлекеттік тіршілігіне азаматтық бақылау жүйесін құру және енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ азаматтардың көпшілік ақпаратқа еркін рұқсат алуын қамтамасыз ететін «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы», «Қоғамдық  бақылау туралы», «Қөпшілік  ақпаратқа  рұқсат  туралы» жаңа  заңдары дайындалып ,қабылданатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шын мәнісінде, бөлек пара  алушыларға қарсы күреске қарағанды әлдеқайда кең. Қылмыстық қудалау немесе заңнаманы жетілдіру шараларымен ғана жағдайды өзгертуге болмайды.

Ескелді аудандық қазынашылық басқармасы ұжымы да осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанады және жұмыс барысында басшылыққа алады.

А.Башабаева,

Ескелді аудандық қазынашылық   басқармасының басшысы