ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЕСКЕЛДІ аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция отырысына «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, аудан әкімі Рауан Рақымбеков, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, бөлім басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Депутаттық фракция отырысында өңірлерді дамыту бағдарламасы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы Ринат Бекболғанов, аудандық мәслихат депутаттары бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жұмыстар жүргізуге қатысты аудандық мәслихаттың хатшысы Қуат Алпысбаев және жанар-жағармай материалдарының бағасын анықтау және оны талдау туралы аудандық кәсіпкерлер бөлімінің бас маманы Ернар Мәтібаев баяндама жасады.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешім қабылданды.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.