ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА

Ұстаз сынықты бүтін, қисықты түзу, наданды білімді ететін асыл адам. «Ұстаз жүгі – ауыр жүк» демекші, өз уақытын шәкірт тәрбиелеуге үлесін қосып келе жатқан ұстазымыздың бірі Титов атындағы орта мектебінде қызмет етуде. Ол – орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Үмітхан Мұсаханова.
1989-1993 жылдар аралығында Талдықорған педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Үмітхан Кентбайқызы Өз мамандығына құрметпен қарап, үлкен белестерден көрініп келе жатқан тұлға. 26 жыл талмай еңбекпен шәкірт тәрбиелеуге зор үлесің қосып келеді.
Өзінің шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларынан жыл да орын алады. Шәкірттерін биік шыңдардан көрінуге, өмірден өз орнын табуға көмегін аямаған ұлағатты ұстаз. Ал оқушылары болса білім деңгейін биіктен көрсетіп, ұстазының мерейін асырып жүр.
Еліміздің білім деңгейін биікке көтеріп жүрген ұстазымыз отбасында үш баланың анасы, аяулы жар. Жүгі ауыр мамандықты әйел азаматтық міндетімен қоса атқарып келе жатқан Үмітхан апаймыздың жары да, балалары да осы мамандық иесінен екен.
Мереке қарсаңында Үмітхан Мұсахановамен сұқбаттасуға арнайы бардық. Ұлы мамандықтың біліктілігін шыңдауға септігін тигізген мектеп басшылығына және әріптестері екенін айтып. оларды келе жатқан төл мерекесімен құттықтады.
Ажар ЕРЖАНҚЫЗЫ.